Құқық қорғау органдары

Есірткіні өзі өндіріп сатқан

 
 

 

Бұл жолғы сауда сәтсіз аяқталды. Саудагер жігіт 50 грамм гашиш сатпақ болған жерде тәртіп сақшыларының қолына түсті. Бұған дейін істі болмаған сезіктінің өзі де ара-тұра есірткі қабылдайтын болып шықты.

Жұмажан Мұқатанов, СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:

-Тінту барысында күдіктінің үйінде 8 килограмм марихуана табылып, тәркіленді. Оның айтуынша, жазда өзі кендір жинап, оны кептіріп, гашиш жасаған. Кейін аудан тұрғындарына сатып жүрген.

Сөйтіп, тұрақты жұмысы жоқ күдікті заңсыз ісінен түскен қаражатқа күн көрген. Саудасын нашар жүрді деп айту қиын.

Жұмажан Мұқатанов, СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:

-Гашишті кептіріп, тығыздап бөлшектерге бөлген. Өзі акция да өткізіп отырған. Кептіріліген гашиштің жеті бөлшегін алғандарға екеуін сыйлық ретінде беріпті.  

Сезіктінің үйінде гашиш жасауға арналған құралдар да табылды. Қазіргі кезде ол  Ғабит Мүсірепов аудандық Ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Инеш Шоқақова