Қоғам

Әскери институтқа – 15 жыл

 

 

Білім ордасының 15 жылдығына орай  институтта халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Жиынға қатысушалардан 183 ұсыныс түскен. Конференцияға тіпті Ресей Федарациясы, Украина және еліміздің өзге де жоғары оқу орындарының ғалымдары атсалысты.

 Қанатбай Әлиев, ҚР ІІМ ІӘ ӘИ бастығының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары:
– Резолюция арқасында біз болашақта өзіміздің әскери институтта оқитын курсанттардың оқу процесін жақсартамыз деп ойлаймыз.  

Жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті офицерлерді даярлау – заман талабы. Қазір оқу орындарының алған бағыттары да осы. Бауыржан Тілеужанов жиынға қатысу үшін Шучье қаласынан арнайы келген. Конференцияда сарбаздарды бірыңғай ақпарат кеңстігінде оқыту мәселесі көтерілгені орынды дейді ол. ҚР ІІМ ІӘ Әскери инстутының құрылғанына 15 жыл. Осы уақыт аралығанда оқу ордасында 1890 курсант жоғары әскери білім алып, өз ісінің маманы атанды. Офицерлерді дайындайтын институттың материалдық базасы заманауи технологиямен жарақтандырылған. Коференция соңында ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге қатысты қарар қабылдады.

Әсел Күшенғалиева