Қоғам

Қосыл Әбдірахманов қайтыс болды

 

 

Ол еңбек жолын ауыл мектебінде ұстаздықтан бастап, Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушілігіне дейін көтерілген еді. Зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін 14 жыл бойы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы болып, мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясын кеңейтуге, ұлттық мәдениетімізді, ата салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға елеулі еңбек сіңірді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде қоғамдағы саяси тұрақтылықты, татулық пен келісімді нығайтуға аянбай атсалысты. Қосыл Әбдірахманұлы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, бес медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ардақты азаматтың жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды.
Марқұммен қоштасу 16 наурыз күні сағат 10 жарымда облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ғимаратында өтеді.