Қоғам

Екі ғасыр сақталған қисуа мешітке тапсырылды

 

 

Меккедегі Қағбаның бетін жабатын жамылғы – қисуаның Исахметовтер отбасында сақталу тарихы қызық. Отағасы Еркөкшенің арғы атасы Ташат 19-ғасырда қажылыққа барған. Сол жолы оған Қисуа бұйырыпты. Алайда қайтар жолға жарамай, жағдайы нашарлаған қария матаның кесіндісін жолсерігі арқылы ұлы Исахметке беріп жіберген. Қасиетті сапар барысында көз жұмған әкесінің аманатын ол көзінің қарашығындай сақтапты.

Қасымхан Абдоллаұлы, “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің бас имамы:
-Қисуаны ұрпақтары екі ғасырдай сақтаған. Енді Мешітке келген жамағатқа көрсетеміз  Қағбаға жабылатын матаның қандай болатынын. Қисуа арнайы матадан жасалады. Жазулары бар.

Қисуа жыл сайын ауыстырылып отыратын көрінеді. Өйткені қасиетті мата бөлініп, қажылыққа барғандарға таратылып беріледі. Онда да бұл қисуа алуға әркімнің қолы жете бермейді. Қағба матасы тек қажылықтың барлық шартын сақтап қана қоймай, беделімен, ісімен өзін көрсете білген лайықты жандарға бұйырады екен.

Қасымхан Абдоллаұлы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
– Қажылық аяқталғанда елге, дінге қызмет қылған атақты адамдарға таратылып беріледі. Нұрсұлтан Назарбаев Меккеге барғанда оған да сыйлаған. Президент қасиетті матаны Астанадағы орталық мешітке тапсырды.

Құнды жәдігер мешіттің ең құрметті орны – намаз оқитын үлкен залға ілінді.

Айымгүл Әбілева