Өнеркәсіп

«ЗИКСТО» «Қазақстан теміржолына» 200 вагон шығарады



 

Хоппер-вагондар Петропавлдағы ЗИКСТО заводында көліктік машина жасау конструкторлық бюросының қолдауымен игеріледі. Келісімшарт аясында 2012 жылы ұлттық компанияның қажеттілігі үшін жергілікті кәсіпорын отандық 200 вагонды жасап, темір жолға шығармақ. Келісім-шарт  құны 2,7 млрд теңгеден асып жығылған. Бұл – технологиялық келісім аясында игерілетін өнімнің көлемі аса ірі екенін көрсетіп отыр. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы Айдын Күлсейітовтің сөзіне қарағанда, келісім – 2010 жылдан, яғни конструкторлық бюро құрылған уақыттан бергі отандық машина жасау саласындағы аса бір табысты тәжірибелі кезең болып табылады.

Әспет Әбдірешова