Қылмыс

Отырыс мылтық атумен аяқталды

 

Жараланғандарды  ауруханаға жедел жәрдем жеткізген. Оқиға орнына бірден  аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тобы ататнды. Олар  бір ауладан қан іздері мен мылтық дүмінің ағаш жаңқаларын тапқан.  Үй иесі полицейлерге  ештеңе білмеймін деп құтылмақшы болғанымен, нақты айғақтар  оны шынын айтуға мәжбүр еткен.  Сол күні кешкісін  төрт танысымен бірге отырып арақ ішкен. Біраздан соң араларында жанжал шығып,  53 жастағы ер адам үйіне кетіп қалады,  бірақ екі ер адам оның соңынан қуып барады.Үй иесі  тіркелмеген мылтығын ала шығып, есік  алдында   оларды оқ атып қарсы алған.  Тергеу шаралары барысында ол мылтықты тыққан  жерін өзі көрсеткен.