Қылмыс

Ақ халатты алаяқ

 

 

 

Әжейдің айтуынша оның үйіне бір азаматша келіп, өзін медицина қызметкерімін деп таныстырған. Алаяқ қалада зейнеткерлердің үйіне барып қызмет көрсету акциясы аясында профилактикалық шаралар жүргізіп жатырмыз деген. Қарияның бөлмеден шыққанын пайдаланып, ұры шкафтарды тінтіп, 116 500 теңгені қолды еткен. Тәртіп сақшылары іздестіру барысында бұрын сотталған 22 жасар азаматшаны құрықтады. Ол өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап отыр. Қазір полицейлер оның өзге де қылмыстарға қатысын анықтауда.

Гүлбану Ахметова