Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары облыс орталығының тұрғындарымен кездесті

 

Шеткері аудан тұрғындары алып-қашпа саудамен күрес, учаскелік полицейлердің жұмысын сапалы ету, жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу бағытындағы өз ұсыныс-өтініштерін білдірді.  Тәртіп сақшылары бұл ұсыныстардың бір дебірі назарсыз қалмайтынын жеткізді.

 Мұрат Ұрұмханов, СҚО ІІД  бастығы:
-Өткен жылы облыс бойынша ұйымдасқан қылмыс жасау фактілері тіркелген жоқ. Тапсырыс бойынша жасалатын қылмыстар да, лаңкестік қылмыстар да тіркелген жоқ.
Биыл да қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Халық көтерген мәселелерді де есепке аламыз.

Гүлбану Ахметова