Әр түрлі

Наурыздағы ауа райы

Наурыз айында ең суық күн 1954 жылы тіркелген.  Осы айдың үші күні сынап бағанасы минус 36,1 градусты көрсеткен. Биыл көктемнің алғашқы айында аяздан қорқудың қажеті жоқ дейді синоптиктер. Ауаның орташа температурасы 8-12 градус 0-ден төмен болмақ. Бұл мөлшерден тек бір бағанаға төмен.

Дмитрий Шпортько, Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:
– Айдың алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде минус 15 – 23 градус пен 7-12 градус аралығында болмақ. Кей жерлерде минус 17. Сынап бағанасы күндіз минус 5 -10 және 4 -1 градусты көрсетпек. Кей жерлерде 9 градус 0-ден төмен болады.  

Наурыздың екінші онкүндігі суық болады деп күтілуде. Түнде облыс аумағында ауа температурасы 20 -25 градусқа дейін төмендемек. Күндіз 12 -17, кей жерлерде 22 градус. Шуақты күндер солтүстікқазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күнінен соң қуантпақ. Дәл осы кезде табиғаттың оянып, күн мен түннің теңелетіні белгілі.

Дмитрий Шпортько, Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:
– 21-23 наурызда ауа температурасы түнде 15-20 градус суық, күндіз 4-9 градус шамасында болмақ. Бұдан кейінгі аптада сынап бағанасы түнде 0..5, кейбір жерлерде минус 10 градусты көрсетеді. Күндіз 5-10 градус жылы болмақ. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері шамадағыдай.  

Осыдан 4 жыл бұрын наурыз айындағы ең жылы ауа температурасы тіркелген. Ол жолы сынап бағанасы 14 градусқа дейін көтеріліпті. Күн шуағы әлі жылытпаса да, тұрғындар көктемнің келгеніне қуанышты.  
Синоптиктер айдың басында батыстан соққан жел күшейіп, тұман болуы да ықтимал деп отыр. Ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты көктемнің алғашқы айының соңында көктайғақ болмақ.

Инеш Шоқақова