Бизнес және экономика

Еңбек министрі Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде болды

Бұл оқу ордасы «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосып келеді.  Өткен жылы мұнда 215 азамат сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алған. Үстіміздегі жылы 124 адамды кәсіби оқыту көзделіп отыр. Гүлшара Әбдіхалықова колледж кабинеттерін аралап, оқу барысымен танысты.
Құрылыс мамандығын игеріп жатқандар Германияның «Кнауф» компаниясының технологиясымен білім алуда. Бұл – өз ісінің біліктілерін дайындауға жақсы мүмкіндік туғызады  дейді оқытушылар. Болашақ автомеханиктердің де оқу сапасы жаман емес. Бұл зертханада интерактивті тақта орнатылыпты. Ал жеңіл көлік пен тракторларды жөндеу ісінің қыр-сырын меңгеріп жатқандар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде  зертханада  сынай алады. Бұл кәсіпті меңгергендер үлкен сұранысқа ие дейді Гүлшара Әбдіқалықова. Оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін Гүлшара Әбдіқалықова жиынға қатысушылардың «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы төңірегінде туындаған сауалдарына жауап берді. Бағдарлама аясында білім алушыларды жұмыспен қамту мәселесімен қоса, тұрғын үй жайы да толғандырдырып отыр.

Жеңіс Қалиев:
-Новорыбинка ауылының тұрғынымын. «Еңбекпен қамту -2020» бағдарламасы бойынша білім алдым. Оқуымды аяқтағаннан кейін қалаға көшіп келуді жоспарлап отырмын. Бағдарламада баспана беру мәселесі қарастырылған ба?
Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
-Бұл сіздің қандай ауылдан келгеніңізге байланысты. Егер бұл экономикалық дамуы төмен, яғни кәсіпорындар, жұмыс орны жоқ елді мекен болса, онда бағдарлама аясында білім алған азаматтарда мұндай мүмкіндік бар. Жалға алып тұра аласыз. Дегенмен мұндай үйлер барлық жерлерде емес, осындай кәсіпке деген сұраныс қай жерде мол, сонда салынып жатыр.  

Ауыл тұрғындарына берілетін шағын несиелер жерлестеріміздің ерекше қызығушылығын тудырды

Юрий Шикунов:
-2011 жылы  бағдарлама бойынша 1 млн теңге несие алдым. Смирновода автокөліктерді бояу  цехын аштым. Егер несиені алдын ала төлеп жапсам, онда маған бағдарлама аясында тағы несие беріле ме?

-Осы қарызыңыздан құтылсаңыз, бағдарлама шеңберінде ісіңізді кеңейтуге, не жаңадан өндіріс орнын ашуға болады.

Үстіміздегі жылы жеке ісін ашамын деген ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін облысымызға 600 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Жерлестеріміздің көпшілігі мал шаруашылығын дамыту мақсатында көмекке жүгінеді екен.

Айдана Демесінова