Қоғам

Балалар құқығын қорғау комитеті төрайымымен кездесу

 
Елбасы Жолдауында халықтың баспанаға қол жетімділігін жақсарту туралы айтқан болатын. Бұл мәселе қазір көптеген отбасылар үшін аса өзекті. Үміт Сағындықова қызы қайтыс болғаннан кейін немересін қанатының астына алған. Қазіргі таңда немересі Әделия 6 жаста, №5 мектептің дайындық сыныбында оқиды. Ол  ата-анасыз қалған балалардың ертеңгі күні   пәтер жағдайы қалай шешілмек деген сұрағын ала келген.  

 

 

Сұрақ:

– Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесі қалай шешілмек, олар бұл тұста заңды түрде қалай қорғалған?

Жауап:
– Жаңа заңға сәйкес бала 29 жасқа жеткенше пәтер алуға құқығы бар. Ол үшін кезекке тұруы керек. Және ол азамат баспаналы болғанша кезектен түсірілмейді.

Ал Татьяна Шарова 2001 жылы Мир көшесі, 221 үйде орналасқан жатақханадан 2 бөлмелі баспана сатып алған. Өзі 4 баланың анасы, жолдасы мүгедек. Үйді сатып алғанда құжаттарды нотариалды куәландырмаған. Соның салдарын баспанасыз қалайын деп отыр.

Сұрақ:
– Біз баспананың ақшасын беріп, сатып алдық. Бірақ жатақхана иесі бізді алдап, құжаттарды жасамады. Қазір үйді босатуымызды талап етіп отыр.

Жауап:
– Әрине бұл мәселе жергілікті жерде шешілуі керек еді. Бұл мәселені республикалық деңгейде қарап бір жақты етеміз.

Отырыста сонымен қатар, мектептерде гендерлік білім беру жүйесін дамыту, еңбекпен қамту, қамқоршылар кеңесі, медициналық көмекті реттеу мәселелері талқыланды.  Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер келген әрбір  азаматтың мәселесін тыңдап, өз атына өтініш жазуын өтінді. Жұртшылықты толғандырған сұрақтар республикалық деңгейде қаралатынына уәде берді.