Спорт

Тай бокстан ел чемпионаты аяқталды

 

 

 

Ақтық сынға  Атырау, Алматы  және Петропавлдың тай боксшылары шықты.  Ал Ақтөбе , Ақтау қалаларының намысын қорғаған спортшылардың жолы болмай, бапкерлерінің үмітін ақтай алмады. Алтыннан алқа тағынғандардың арасында атыраулық Әлфараби Қойбағаров бар.

 Әлфараби Қойбағаров, жарыс жеңімпазы, Атырау қаласы:
– Жалпы январь айынан бастап дайындалдым. Астаналық қарсыласым жаман емес.  Өткен жылы Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер  атандым. Алла бұйыртса, Европаға барып, еліміздің туын көкке көтереміз деген сенімдемін.

Облыс намысын қорғап, ақтық сынға өткен 4 жерлесіміздің  екеуі бірінші орынға көтерілді. Солардың бірі – Болат Шақанов. Оның бұл спорт түріне ден қойғанына 3 жылдың жүзі.

Болат Шақанов, жарыс жеңімпазы, Петропавл қаласы:
– Негізі жекпе-жек қиын болды. Қарсыласым мықты.   Мен оның әлсіз жерін бірінші раундта көрдім. Мен бұл чемпионатқа 1 ай бойы дайындалдым.  

Республикалық чемпионатқа Қазақстанның мықты деген тай боксшылары қатысты. Төрешілер муайтайшылардың дайындығын жоғары бағалап отыр.

Бахытжан Мұхамбеталиев, халықаралық дәрежедегі төреші:
–  Бүгінгі қорытынды сайыс бойынша 4 алтын -Алматыда, 3 алтын – Атырауда, екі алтын -Петропавлда. Бұл Петропавлда өтіп жатқан 3-ші жарыс. Жоғары дәрежеде, спортшылар жақсы өнер көрсетіп жатыр. айтып кетуге болады. Осы жерде жаттықтырушы Иван Ван-Хон-Тун . Оларда жақсы спортшылар шығып жатыр. Муайтайда айтады, жұдырықты жеңетін шынтақ, аяқты жеңетін тізе деп. Төбелес барысында шынтақ пен тізе есептелінеді. Ол кленч деп аталады. Біз үлкен көңіл осыған бөлеміз.

Республикалық чемпионтаттың қорытындысы бойынша бірінші орын Атырау қаласының еншісінде. Ал Алматы қаласының «Елюха» құрамасы мен Петропавлдың тай боксшылары сәйкесінше екінші және үшінші орыннан көрінді. Енді жеңімпаздар сәуір айында өтетін Европа чемпионатында ел намысын қорғамақ.

Гүлбану Ахметова