Билік

Көктем ерте шығады деп күтілуде

 

 

Көктем мезгілі жақындап қалды. Батыс және Оңтүстік Қазақстанның кейбір елді мекендерін қазірдің өзінде су басқан. Сондықтан Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметовтың қатысуымен өткен селекторлық отырыста өңірлерде су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстары мен салдарын жою мәселелері пысықталды. Синоптиктердің болжауынша, наурыз айының бірінші онкүндігінде оңтүстік өңірлердегі ауа температурасы 10-16 градус жылылықты көрсетпек. Осы себепті тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру жұмыстары қолға алынған. Ал өңірімізде биыл қардың мөлшері әдеттегіден 2 есе кем. Яғни, су тасқыны болады деп алаңдау негізсіз. Дегенмен сақтықта – қорлық жоқ.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Қазіргі таңда су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Ол үшін арнайы техника жеткілікті, жай-күйі сарапталды. Дегенмен мониторинг жүргізіп, бұл жағдайды тиісті мекемелер әрдайым қадағалауы қажет.

Әсіресе, Заречный, Бензострой, Копай, Ойқала аудандары ерекше қадағалануда. Қаланы қардан тазарту жұмыстары да жалғаспақ.

Инеш Шоқақова