Білім

Мектептердегі қамқоршылар кеңестерінің болашағы

Елбасы соңғы Жолдауында білім сапасын арттыру үшін оқу үрдісіне озық үлгідегі технологияларды ендіру керек екендігін баса айтты. Бұл міндетті жүзеге асыруға қамқоршылар кеңесі өз үлесін қосулары тиіс. Кеңес барысында мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын дамыту, жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды енгізу мәселелері көтерілді.

 Жаңыл Жонтаева, ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры :
-Аналитикалық орталық министрліктің және де Назарбаев интеллектуалды мектептердің жүйесін тәжірибемізге енгізуге. Бүгінгі үлкен жиынымыздың да тақырыбы сол жүйені мектептерге енгізу ұсыныстарын жинақтау.

Петропавл қаласында өткен форумға еліміздің барлық білім басқармаларынан, Білім және ғылым министрлігінен 38 делегат қатысты. Олар тәжірибе алмасып, аймақтағы қамқоршылар кеңесінің жұмысын сапаландыру бағытында ұсыныстарын жасады.

Шолпан Сыздықова, Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің әдіскері:
-Қамқорлар кеңесі тек қана қаржылық мәселелерін көтеріп қоймай, сонымен қатар баланың тәрбиесіне ата-аналар кеңесімен серіктесе отырып, ата-аналардың баланың тәрбиесіне, мектептің қоғамдық өміріне атсалысуына өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Жиналыста сонымен қатар демеушілік мәселелері де сөз болды. Өңірімізде шалғайда жатқан білім беру мекемелеріне көп көмегін тигізіп жүрген демеушілер де баршылық. Еркебұлан Мәмбетов Бексейіт және Меңкесер орта мектептеріне қамқоршылық жасаушылардың бірі. Алдағы уақытта да көмегіміз үзілмейді дейді ол.

Еркебұлан Мәмбетов, «Мамбетов и К» КС бас директоры:
-Жылда оқу жылы алдында балаларға көмек көрсетеміз. Осы екі мектептің түлектері біздің шаруашылыққа келіп, орта мамандық, жоғары мамандықпен келіп жұмыс істеп жатыр.  

Семинар-кеңес соңында қатысушылар өңіріміздің білім ошақтарын аралады.