Құқық қорғау органдары

«Қару» акциясы өтіп жатыр

 

 

Облыс тұрғындары тапсырған қарудың көбі – аң аулауға пайдаланылатын мылтықтар, бірақ оның арасында сирек кездесетін түрлері де бар. Петропавлдық 52 жастағы әйел 1889 жылы жасалған әйгілі «Маузер» тапаншасын және Тула қару зауытында шығарылған тағы бір тапаншаны әкелген. Азаматшаның айтуынша қарулар ауылдағы үйді қиратып жатқанда, еден астынан табылған. Қала тұрғыны қаруды бұған дейін тығып қойыпты. Акция жайлы естіген ол қауіпті қаруды тапсыруға шешім қабылдаған. Және тағы бір петропавлдық ішкі істер органдарына 1928 жылы жасалған калибрі 7,62 мм карабин мылтығын тапсырды. Ал Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғыны атасынан қалған калибрі 5,6 мм шетелдік мылтықты тапсыруға өтініш жазған. Сыйақы негізінде өз еркімен қару тапсыру акциясының басынан Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментіне 320 адам қару және бес мыңнан артық оқ-дәрілерді тапсырды. Аталмыш акция наурыздың 31-не дейін жалғасады.

Гүлбану Ахметова