Мәдениет

Әулие Мефодий оқулары

 

 

Халықаралық Әулие Мефодий оқулары осымен 3-ші рет өткізіліп отыр. Ғылыми-практикалық конференцияда Қазақстанның – 4 және Ресейдің 2 епархиясының  қызметкерлері, сонымен бірге осы бағытта тәрбие берумен айналысатын азаматтар бас қосты. Жиынға арқау болған негізгі тақырып – отбасы мәселесі.

епископ Гурий, Петропавл-Булаев епархиясының епископы:
-Отбасы  – бұл адамның рухани дамуының негізгі ортасы. Сондықтан оны сақтап қалуымыз керек. Өкініштісі, бүгінгі күні  берекесі кеткен жанұлардың қатары қалыңдап келеді. Осындай жиындар арқылы, өсиеттер айтып, жанұяларды сақтап, мәселені шешуге үлесімізді қосамыз деген үміттеміз.

Басқосуда қоғамға қауіп төндіретін дерттер: маскүнемдік пен нашақорлық жайлы да сөз өрбіді. Дін қызметкерлерінің айтуынша бұл жастардың рухани дамуына тосқауыл болатын мәселелердің бірі.

Ольга Жульсарина, Свято-Никольск храмы жанындағы жексенбілік мектеп оқытушысы, Қызылжар ауданы:
– Бұл біз үшін өте маңызды шара. Өйткені дін қызметкерлерінен кеңес алып жатырмыз. Мұнда естігенімізді шәкірттерімізге үйрететін боламыз. Біздің мектепке 20-ға жуық шәкірт келеді. Біздің басты міндетіміз – осы балаларға рухани құндылықтарды бағалап қана қоймай, сонымен қатар оны сақтап қалу маңызды екендігін түсіндіру .

Жиылғандар алдағы уақытта бұл оқулардың өз жемісін беретініне нық сенімді.

Айдана Демесінова