Мәдениет

Апалы-сіңлілі суретшілер көрмесі

 

 

Көрмеге барлығы 30-дан астам туынды қойылған. Апалы-сіңлілі Дарья мен Ксенияның шығармашылығына негізінен жыл мезгілдері мен табиғаттың әсем көріністері арқау болған. Көрмедегі туындылардың басым бөлігі Дарья Мищенкоға тиесілі. Жастайынан сурет салуға әуес қыздардың еңбектері бұған дейін де бірнеше рет жұртшылық назарына ұсынылған.

 Дарья Мищенко, суретші:
– Бұл туындылардан негізінен натюрморт, пейзаж жанрлары бар екенін бақылауға болады. Жұмыстар әр түрлі гаммада орындалған. Мысалы, табиғат көріністерін бірде суық түстермен, бірде жанға жайлы жылы түстермен көрсетуге тырыстым.

Жұртшылық назарына ұсынылған суреттердің барлығы  пастель  жанрында орындалыпты. Қылқалам иелері бұл жанр жанымызға жақын дейді.

Ксения Руженская, суретші:
Пастель жанрының ерекшелігі суретке қанық бояу түстерін енгізуге болатындығында. Сондай-ақ, бұл техникамен жұмыс істегенде әр түрлі материалдарды қолдануға болады. Мәселен, акрил немесе гуашьпен өңдеу мүмкіндігі бар. Жұмыстарымның басым бөлігін натюрморт пен гүлдерді бейнелеуге арнадым.

Көрме иелерінің шығармашылығын бағалауға келгендер қатары көп болды. Солардың арасында Ксенияға қылқаламның қыр-сырын үйреткен ұстазы Валерия Савельев те бар. Жас авторлардың еңбегін суретші жоғары бағалады.

  Валерий Савельев:
Көрмеден жақсы әсер алдым. Ксюша менің бұрынғы оқушым, алдымда 4 жыл білім алды. Көрмеге оның еңбектері аз қойылыпты. Дегенмен алдағы уақытта байыпты туындылар көбейеді деген ойдамын.

«Шығармашылық тұғыр» деп аталатын көрме бір ай көлемінде жалғаспақ.

Әспет Әбдірешова