Спорт

“Өзіңе жол” акциясы

 

 

   

Дені саудың -жаны сау. Осы қағиданы ұстанған кәсіптік лицейлер мен колледж студенттері қалалық жағажайға жиылды. Олардың арасында қыс мезгілінде суға шомылуды әдетке айналдырғандармен қатар денсаулықты нығайтудың мұндай жолын алғаш байқап көрушілер де бар. Солтүстік Қазақстан  кәсіптік- педагогикалық колледжінің студенті Қанат Әбдірахманов солардың бірі.

Қанат Әбдірахманов, СҚ кәсіптік- педагогикалық колледжінің студенті:
Мен бірінші рет шомылдым.Өте ұнады. Әлі де жалғастырмақпын.

Акцияны тамашалауға келгендер де аз болмады. Олар салауатты өмір салтын ұстанушылардың мұндай іс-шаралар өткізуін қолдап отыр. Дегенмен студенттер табиғи сауығу әдісіне көшу үлкен дайындықты қажет етеді дейді.

  Аңсар Жасұланов:
Өте жақсы іс-шара.Бірақ менің өзімнің суық суға шомылғым келмейді.

Аталмыш акция осымен 8-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жылдан-жылға қатысушылардың қатары қалыңдай түсуде. Бұл жолы ауа температурасы -11 градус болса, суда +4,+5 градус шамасында. Іс-шараны өткізу үшін күн де қолайлы болды.  

Анатолий Фурманюк, «Денсаулық» клубының жетекшісі:
Акцияға әрбір студент қатысу мүмкіндігіне ие. Алдымен ол арнайы дайындықтан өтеді. Негізі мұндай іс-шараларда жастар белсенділік танытуда. Шомылып, өз денсаулықтарын жақсартатындар ағзаны әлсіретуші ауруларға өте сирек шалдығады.  

Салауатты өмір салтын насихаттау шарасына барлығы 20-дан астам адам қатысты.  

 
Инеш Шоқақова