Құқық қорғау органдары

Парақор басшы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

 

 

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 311-баптары бойынша айыпталған Юрий Демьяненконың ісі ашық сот отырысында қаралды. Бұған дейін қылмыстық түзету жүйесі департаментінің 164/9 колониясының бастығы болған ол В.Ю. Никитин есімді жазасын өтеушінің  түрмеден шығу уақытын тездетуге септескен. Сол үшін айыпталушыдан пара да алған. Берген уәдесін орындап, сотқа арыз түсіргенімен, іс өзгеріссіз қалады. Колония басшысы әрекетін тағы қайталап, бұл үшін қамаудағы азаматтың көлігін талап еткен. Бұған келіспеген Никитин полицияға арыз беріп, парақорды ұстап берді. Енді түзету мекемесінің бұрынғы бастығы темір тордың ар жағына аттанбақ.

Айдархан Жанақов,Петропавл қалалық сотының судьясы:

-ҚР Қылмыстық кодекстің 24- бабының 3- тармағы, 311- бап бойынша қылмыс жасаған Юрий Демьяненко айыпты деп табылсын..  

Петропавл қалалық соты айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болады.  

Әспет Әбдірешова