Денсаулық сақтау

Облысқа Израильден кардиохирургтер келді



 

Сарбинаға ота жасау 2,5 сағатқа созылыпты. Қазір 1 жастан асқан бүлдіршінге туған кезінде жүрегінде шуы бар деген диагноз қойылыпты. Кейін түмендік кардиохирургтерге қаралғанда жүректегі ашық артериалдық өзек диагнозы анықталған. 1 жаста ақау өздігінен жабылуы тиіс еді, өкінішке қарай олай болмады дейді Сарбинаның анасы Айнагүл Сыздықова.

Айнагүл Сыздықова:
– Қазір жағдайы жақсы, бүгін таңертең реанимациядан әкелді.Жақсы болады деп үміттеніміз.

Бұл – Израиль кардиохирургтерінің облыстық балалар ауруханасына алғаш келуі. Олар солтүстікқазақстандық әріптестеріне шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Осы уақыт аралығында жүректерінде ақауы бар бүлдіршіндер де израильдік дәрігерлердің көмегін алды.

 Давид Мишали, Израиль балалар кардиоорталығы балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі:
– Біріншіден, облыс әкіміне бізді шақырғаны үшін алғыс білдіргім келеді. Біз әрқашанда көмекке келуге дайынбыз.

Шетелдік дәрігердің кеңесін тыңдауға Елена Редькина да келген. Ұлы Егорға туа біткен жүрек ақауы диагнозы қойылған екен.

Елена Редькина:
–  Бізді кардиохирургтің кеңесіне шақырғандары жақсы болды. Енді әрі қарай не істеу керек екенін білеміз.  

2011 жылғы тамыз айында облыс әкімі Серік Біләлов пен «MVI» Израиль медицина орталығы арасында меморандумға қол қойылған еді. Балдырғандар соның арқасында емдеуден өтіп жатыр.

Анатолий Ко,  денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
– Көп ұзамай біздің 2 маман, сонымен бірге бір анестезилог пен перфузиолог жарты жыл шамасында Израиль клиникаларында өз білімдерін жетілдіруге аттанады. Бұл олардың біліктіліктерін шыңдап, өз беттерінше ота жасауларына мүмкіндік бермек.  

Оталар жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа жасалды. Сонымен қатар, заман талабына сай техника алуға қосымша 40 млн теңге бөлінген.