Құқық қорғау органдары

Қорғаушыға қатысты сот үкімі шықты

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-бабы бойынша айыпталған  Евгений Пивоваровтың ісі ашық сот отырысында қаралды. Қызмет бабын асыра пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін айыпталған адвокат өткен жылдың 19 тамызында қамауға алынған болатын.

Айдархан Жанақов, Петропавл қалалық сотының судьясы:

 

– ҚР Қылмыстық кодексінің  24- бабының 3- тармағы, 177- бабының бірінші, 28 бабының 4-ші тармағы, 312- бабының бірінші тармағы бойынша қылмыс жасаған Евгений Пивоваров айыпты деп табылсын.

Айыбы дәлелденген қылмыскерге жаза ретінде 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Алайда қамауға алынған азамат жазасын өтемейтін болды. Судья бұрынғы қорғаушыны мерзімінен бұрын босатып жіберді.

Айдархан Жанақов, Петропавл қалалық сотының судьясы:
– «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сай айыпталушы сот залында жазасынан босатылсын.

Айыпталушының қорғаушылары сот үкімімен толықтай келісіп отыр. Сот процесі барысында оның ісімен 3 бірдей қорғаушы айналысқан.

  Игорь Петровский, қорғаушы:
– Ел тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған рақымшылық  туралы заң бойынша сот біздің қорғауымыздағы айыпталушыны мерзімінен ерте босатты. Бұл шешім әбден негізді деп ойлаймын.  

Петропавл қалалық сотының ғимаратынан бостандыққа шыққан Евгений Пивоваров та соттың мұндай шешім қабылдағанына дән ырза.  

Әспет Әбдірешова