Денсаулық сақтау

Санитарлық қызмет жылды қорытындылады



 

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қызметкерлері өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылауда. 2011 жылы бұл салада да оң өзгерістер орын алған көрінеді. Өңірімізде инфекциялық аурулар 20 түрге азайған. Сондай-ақ вирустық гепатит жұқтыру көрсеткіші 15 пайызға төмендепті. Дегенмен ВИЧ жұқтыру – 31,4 пайызға өскен.

Фарида Мұхамеджанова, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім бастығы:
– Түрлі аурулардың алдын алу шараларын жүргізу нәтижесінде өңіріміздегі эпидемиялық жағдай бірнеше жыл қатарынан тұрақты. Биыл өткір ішек инфекцияларына шалдығу көрсеткіші 35 пайызға төмендеді. Алдын алу шаралары әлі де жалғасуда.

Эпидемиолог мамандар тұрғындар тұтынатын азық-түлік тауарларының сапасын да үнемі қадағалаудамыз дейді. Осының арқасында былтыр жаппай инфекциялық ауруға шалдығу мен азық-түлік өнімдерімен улану оқиғасы тіркелмеген.

Гүлшарат Қожатова, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:
Біз Кеден одағы аясында да бірқатар жұмыс жасаудамыз. Азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылаймыз. Тағам өнімдерін мемлекеттік тіркеуден өткізу жұмыстары жалғасуда.

15 елді мекендегі су тарату жүйесінің ретке келтірілуі де тұрғындардың түрлі инфекциялық аурулардан аман болуына септескен. Алдағы уақытта да санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қызметкерлері инфекциялық аурулардың алдын алып, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күштерін салмақ.

Инеш Шоқақова