Білім

Ұстаздар біліктілік арттыруда



 

Қазіргі уақытта орталықта 100-ге жуық мұғалім біліктіліктіліктерін арттыруда. Ұстаздар бір апталық курс барысында өз жұмыстарында тың технологияларды қолдану, ҰБТ-ге оқушыларды дайындау әдістерін меңгермек. Тайынша ауданы Макашевка орта мектебінің мұғалімі Қымбат Тілеуғалиеваның еңбек өтілі – 21 жыл. Дегенмен тәжірибелі ұстаз мұндай курстардың берері мол, сондықтан әрдайым қуана қатысамын дейді.

Қымбат Тілеуғалиева, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Тайынша ауданы:
– Маған мұндай курстар өте ұнайды. Мектептерде қызмет етуге, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге әсерін тигізеді.  Үйренгенімді өз тәжірибемде қолдануға тырысамын.

Мұғалімдер әр бес жыл сайын өз біліктіліктерін арттыру курстарына қатысады. Өйткені білім беру жүйесінің жаңа сатыға көтерілуі олардың кәсіби деңгейіне тікелей байланысты.

Айна Қарабатырова, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы облыстық филиалы директорының м.а.:
Елбасымыз өз жолдауында айтқандай, қазіргі таңда қоғамда жоғары білікті мамандарға деген сұраныс артып отыр. Сондықтан мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі – әлеуметтік саланың проблемасы болып табылады. Қырқүйектен бастап біздің облыс мұғалімдері 3 айлық курс өтеді. Сертификат беріліп, жалақылары 30 пайызға өседі.

Аталмыш орталықта 60-қа жуық оқытушы дәріс береді. Олардың 6-уы республикалық ұлттық біліктілікті арттыру орталығының курстарына қатысу мүмкіндігіне ие болыпты. Кейін мұғалімдер  әріптестерімен тәжірибе бөліспек.

Инеш Шоқақова