ТЖ

Өрт сөндірушілер рейді


 

Өрттердің алдын алуға арналған рейдке шыққан төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірден отқа оранған гаражға тап болды. Апат күндізгі сағат төрт кезінде Бензострой кентіндегі Пугачев көшесі, 34 мекен-жайда шыққан. Оқиға орнына 5 минутта жеткен құтқарушылар бірден жалынды ауыздықтауға кірісті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тек қызыл жалынға оранған мына гараждың ішіндегі автокөлік жанып кетті. Өрттің шығу салдары әлі анықталып жатыр

Серік Наурызбаев, “Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары” ММ бастығының орынбасары:
– Болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан туындаған. Өрттен тек материалдық шығын келді, зардап шеккендер жоқ.  

Барлығы үстіміздегі жылы 650 өрт оқиғасы тіркеліп, 437 млн теңге көлемінде шығын келген. Өткен аптада ғана Медведьев көшесі, 37 мекен-жайда тағы бір апат орын алыпты. Бұл жерде өрттің кесірінен үйдің 20 шршы метр шатыры жанып кетті.

Бейімбет Байгүлбаев, Төтенше жағдайлар басқармасының  инженері:
– 4 бөлмелі тұрғын үйдің төбесі жойылып, өрт үйдің ішіндегі пештен пайда болды. Пеш салғанда тұрғын үйде қауіпсіздік ережелері сақталмаған.

Өрт сөндірушілер мұндай оқиғалар орын алмас үшін апта сайын рейд жүргізіп отырады. Апат орын алған жерлерде тұрғындарға жадынамалар таратылады. Төтенше жағдай қызметкерлері келесі аптада тағы да кезекті рейдке аттанбақ.