Қоғам

Кәсіподақтар белсенділері Жолдауды талқылады

 

 

 

Облыстық кәсіподақ активінің жиналысы Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты кепілі» атты кезекті жолдауын талқылауға арналыпты. Маңызды құжаттың әрбір бөлігінде ел халқының әл-ауқатын арттыру мен адам факторына баса назар аударылған.

Людмила Голенкова, облыстық кәсіподақтар кеңесінің бас маманы:
– Елбасы биылғы жылғы жолдауында – адам капиталының сапасын арттыру туралы айтты. Міне, осы бағытта біздің кәсіподақ ұжымы да негізгі міндеттерді атқармақ.

2012 жыл бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы дейді жиынға қатысушылар. Сондықтар кәсіподақтар еңбек адамының құқығын қорғауда биік белестерді бағындырулары тиіс.

Гүлнар Жұмагелдиева, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:
– 2011 жыл қорытындысы бойынша бұл өңірде бірқатар салалар, соның ішінде өнеркәсіп ерекше қарқынмен дамыған. Жолдауда қойылған басты 10 бағыттың ішінде халықты жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, сондай-ақ өңірдің экономикалық-әлеуметтік тұрғыда дамуы қызығушылық туғызып отыр.

Жиынға қатысқан облыстық пошта байланысы қызметкерлері де кезекті жолдауда қойылған мақсаттарды бірге атқару бәріміздің міндетіміз дейді.

Береке Шөпенова, Облыстық пошта байланыс қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы:
-Біздің пошта ұжымында – 100 пайыз кәсіподақ мүшесі. Оның ішінде 89 пайызы әйелдер. Сондықтан да біздің жұмысшы әйелдердің жағдайын жақсарту мәселесіне баса мән береміз .

Жаңа жолдау – алдағы онжылдыққа жаңа міндеттер қойып отыр. Жиын соңында белсенді еңбек еткен азаматтар ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Әспет Әбдірешова