Мәдениет

Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар сайысы

«Барлығымыз бақыттымыз» сайысына «Созвездие», «Предки», «Радуга» командалары қатысуда. Тиісінше топтар мұғалімдер, ата-аналар және оқушылардан құралған. Сайыскерлердің дайындығы жоғары деңгейде. Мұғалімдерден жасақталған «Созвездие» құрамасы сайысқа шығыс киімімен келуді құп санаған.

Айсұлу Қошқарбаева, сайысқа қатысушы:
-Бұл сайыста біздің команда жеңіске жетуі тиіс. Әділқазылар дұрыс шешім шығарады деген ойдамын.

8 кезеңнен тұратын сайысқа қатысушылар музыкалық, интеллектуалдық және спорттық қырынан өз бақтарын сынайды. Әр команда білімдері мен білектеріне нық сенімді. Дастанбек Нұрманов «Предки» құрамасына кіріпті. Өйткені осы мектепте оның баласы оқиды.

 Дастанбек Нұрманов, сайысқа қатысушы:
-Ата-аналар атынан келіп отырмын. Балалармыз осы мектепте оқиды. Сайыста жеңімпаз атанамыз деп ойлаймын.

Бірінші кезеңде әр команда өздерін таныстырды. Бірі ән айтса, екіншілері би биледі, ал кейбірі шағын қойылым ұйынды. Зияткерлік сайысында викториналық сұрақтарға жауап берсе, полиглотта қазақ тілін қаншалықты білетіндері тексерілді.

Ольга Иванова, Д.М.Карбышев атындағы №40 мектептің психологы:
-Сайысқа ең білімділер, әртістік қыры бар оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер қатысады. Әр сайыс 10 баллмен бағаланады. Сайыс соңында жеңімпаздар белгілі болады.

Алдын-ала қорытындылар бойынша «Предки» және «Созвездие» командалары ұтып келеді. Алайда, оқушылар үімітін үзген жоқ.

Евгений Михин, сайысқа қатысушы:
-Сайыс кезеңдері өте қызықты. Сұрақтар қиын болса да, біз жеңіске жетуге тырысамыз.

Қалалық білім бөлімі және балалар құқығын қорғау департаменті «Балаға – мейірімді мектеп» жобасын қыркүйек айында ұйымдастырған.  Барлығы қала бойынша оған 6 мектеп қатысуға ниет танытқан.

Зәмзагүл Карманова, қалалық білім бөлімінің әдіскері:
-Жалпы сайыс оқу жылы барысында өткізілуде. Тек бір аймен, бір іс-шарамен шектелмей, қыркүйек айынан сәуір айына дейін өтеді. 

Сайыс қортындысы бойынша әділқазылар жүлделі орындар бермей, тек әр команданы номинация бойынша атап өтті. «Кәсіпқойлық және креативтілік» үшін «Созвездие» мұғалімдер командасы аталып өтті, «Шығармашылық және әртістік» номинациясында «Предки», ал «Радуга» құрамасы «Батылдығы мен жеңіске деген жігері» үшін марапатталды.