Бизнес және экономика

Жаңа қағаз ақша

 

 

5000 теңгелік жаңа қағаз ақша айналымға кеше ғана енгізілген. Оның дизайнері – 20 жылдан бері ұлттық валютаның үлгілерін қалыптастырған – Меңдібай Әлин. Жаңа банкнотта ашық қызыл түске басымдық берілген. Оның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептерлердің бейнесі мен барыстың суреті бар.

Ескендір Сүлейменов,  «ҚР Ұлттық банкі» ММ СҚОФ маманы:
– Бұл банкнотаның бет жағында спарк элементі барыстың қанаты ретінде бейнеленген.  Бұл спарк бейнесін қозғалтқан кезде оның түсі жасылдан алтынға дейін ауысады.

Сонымен қатар, қағаз ақшаның бет жағында түс ауыстыру қасиеті бар ені 6 мм қорғаныш жібі орналасқан. Ол ақшаның жалған еместігін айыру үшін қажет.

Ескендір Сүлейменов,  «ҚР Ұлттық банкі» ММ СҚОФ маманы:
– Банкнотаның арт жағында Қазақстан картасы бейнеленген және Қазақстан Республикасының архитектуралық  нысандары бейнеленген. Бұл банкноталарды – 2013 жылдан кейін, 2006 жылғы үлгідегі банкноталарды 4 жыл ішінде ауыстыруға болады.

Бүгінде айналымда ұлттық валютаның енгізілгеніне 15 жыл болуына орай шығарылған 2006, 2008 және 2011 жылғы бес мың теңгеліктер қолданыста. Жаңа дизайндағы банкнотаны тұрғындар жақын арада-ақ көріп-таныса алады.

 Әспет Әбдірешова