Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Сыбағадан» несие алу тиімді

 

 

 

Өткен жылы бастау алған “Сыбаға” бағдарламасы әу бастан-ақ, шаруалардың қызығушылығын тудырған. Несиелендіру шарттары кәсіпкерлердің мүмкіндіктеріне қарай әзірленген. Алдымен 6 пайыздық төмен ставка. Займ мен кепілдікті рәсімдеу тәртібі жеңілдетілген. Бұған қоса жеңілдіктер қарастырылатын кезеңдер бар. Нәтижесінде, өткен жылы бағдарламаның көмегіне 23 шаруашылық жүгініпті. Жобалардың жалпы құны 487,7 млн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2398 бас етті ірі қара мал сатып алған. Бұл аграралық несиелік корпорацияның жоспарынан 2 есе артық.

Серік Ахметбеков,  “Аграрлық несие корпорациясы АҚ облыстық филиалының директоры:

8,5 млн теңгеден бастап несие алуға болады. Сол несиеге жай қара мал алуға болады. Асыл тұқымды бұқалар алуға болады. Бұқаларға 450-500 мың теңге береміз. Жай қара малға 180 мың теңге береміз.

Мақсат – отандық малды асылдандыру. Қазіргі таңда Қызылжар ауданындағы “Жанбай” ЖШС мен “Щеглов” шаруа қожалықтарында ірі жобалар жүзеге асуда. Мемлекеттен алған қаржының 15 % материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға жұмсалған. Мұндай мүмкіндіктер келісімде қарастырылса керек. Өйткені, “Сыбаға” бағдарламасы етті мал шаруашылығын дамытуға, экпорттық әлеуетті дамытуға бағытталған.

Серік Ахметбеков,  “Аграрлық несие корпорациясы АҚ облыстық филиалының директоры:

-«Жанбай» шаруа қожалығы 29 млн 400 мың теңге алып, ақшаға олар қара мал алды, сосын асыл тұқымды бұқалар алды, 4,5 млн теңгеге қораларын жөндеді, шөп шапқыш,  кун алды, сол ақшаға біраз жұмыстар жасады.  « Щеглов» ШҚ  62 млн 700 мың теңге несие алды, 8 млн теңгеге қора салып алды, басқа ақшаға 292 қара мал алды.  

Үстіміздегі жылы «Сыбаға» бойынша несие алуға 22 шаруашылық өтініш түсірген. Жобалардың құны 240 млн теңге шамасында болады деп күтілуде. Нәтижесінде 1400 бас етті сиырларды жеткізу межеленген. Бүгінде 2 жоба қолдау тауып, біреуіне  қажет қаржы бөлінген.

 

Гүлмира Шоқтыбаева