Бизнес және экономика

Тауар талапқа сай ма?

 

 

 

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті халық шаруашылығының барлық салаларына қадағалау жасайды. 2011 жылы инспекторлар өнімдер мен тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 297 тексеріс жүргізген.

Бейбіт Әбілев, СҚО Мемлекеттік қадағалау бойынша бас мемлекеттік инспекторының орынбасары, мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы:
– 297 тексерістің әрбір екіншісінде тәртіп бұзушылықтар болды. Біз тек тексерістер ғана емес, өнім шығарушылармен, жеке кәсіпкерлермен көптеген насихаттау жұмыстарын жүргіземіз.

Департамент мамандарының сөзіне қарағанда,   заң бұзушылықтар құрылыс, тамақ жасау, медицина салаларында көптеп кездеседі. Былтырғы жылы бақылау органы кәсіпорындарға 3 млн 802 мың теңге айыппұл салған.

Бейбіт Әбілев, СҚО Мемлекеттік қадағалау бойынша бас мемлекеттік инспекторының орынбасары, мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы:
– Өткен жылдармен салыстырғанда біздің өткізген тексерістеріміз екі есе кем деуге болады. Дегенмен заңбұзушылық әлі қысқарған жоқ.

Департамент инспекторлары сонымен қатар облыс аумағында мемлекеттік рәміздерді дайындауды қатаң бақылайды. Айтқандай, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер де еніпті.

Вадим Маршаков, Техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бас маманы:
-ҚР мемлекеттік рәміздер бейнеленген материалдық нысандарды дайындау бойынша облыста лицензиялау жойылды. Кәсіпкерлердің есіне сала кетсек, енді мұндай әрекеттер лицензиялауға жатпайды. Осыған байланысты құжаттарды біздің органға тапсыру керек. Заң 2012 жылдың 31 қаңтарында енгізілді.

Облыста осындай материалдық нысандарды дайындайтын лицензиясы бар 13 кәсіпорын жұмыс істейді. Мамандардың айтуына қарағанда бұл салада өзгерістер болғанмен, сапаға деген қадағалау бұрынғыдай сақталмақ.

Әспет Әбдірешова