Ауыл шаруашылығы

Өңірде ауыл шаруашылығының даму барысы

 

 

 

Кеңесте алдымен өсімдік шаруашылығының мәселелері сөз болды,былтыр өңір диқандары мол астық жинап алды. Бірақ әлі күнге шешілмеген мәселелер жетерлік. Мысалы, егістік жерлерге тыңайтқыш себу, зиянкестермен күрес тиісті деңгейде жүргізілмейді. Көктемгі егіс науқаны жақындап қалғанына қарамастан, Жамбыл, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, Тайынша және Тимирязев аудандарында келер жылға дайындалған тұқым толықтай тексеріске жіберілмеген. Өткен жылы мал шаруашылығы саласында да бірқатар кемшіліктер орын алды. Былтырға жоспарланған 30 мың ірі қараның өңірге тек 10 мыңы ғана жеткізілген. Жоспар не бары 31 пайызға орындалыпты. Сондықтан  бүгінгі алқа отырысында мал басын арттыру жолдары жан-жақты  қаралды. Мәселені ірі репродукторлық шаруашылықтар құру, мал бордақылау кешендерін ашу арқылы шешу ұсынысы жасалды. Агроқұрылымдар мен аудан тұрғындары бұл бағытта мемлекет ұсынып отырған несиелік бағдарламаларды пайдалана алады. Жиында “Сыбаға”, ауыл шаруашылығына берілетін шағын несиелер, “Өнімділік және Экспорттаушы -2020” бағдарламалары жайынан мол ақпарат берілді. Өңір басшысы барлық агроқұрылымдарға аталған бағдарламаларды пайдаланып қалуға кеңес берді. Әр бағдарлама өзінше ыңғайлы, шарттары да біршама жеңілдетілген. Нәтижесінде жыл соңында әр ауданда 500 басқа шақталған  асыл тұқымды репродукторлық  шаруашылық және шамамен мың жарым ірі қара мал басын бордақылайтын кешен жұмысын бастауы тиіс. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы мал азығын әзірлеу, жайылымға шығарылатын мал шаруашылығымен айналысу және қойдың санын арттыру міндеттері қойылып отыр.

 Гүлмира Шоқтыбаева