Спорт

Шаңғышылар біріншілігі

 

Сықырлаған аязға қарамастан, жарысқа қатысушылар өз белсенділіктерін танытты. Бастысы –  сенімді ақтап, мәре сызығына бірінші болып жету. Рүстем Жанжігітов екі жылдан бері шаңғы тебумен айналысады екен. Мұндай сындар спортшыны шыңдай түседі дейді ол.

Рүстем Жанжігітов, жарысқа қатысушы, Уәлиханов ауданы:
– Спорт денсаулыққа пайдалы, барлықтарыңызды спортпен айналысуға шақырамын. Ертеңгі күні біздің команда жеңіске жетеді деп ойлаймын.

Игорь Хмельницкий бұл жарысқа Қызылжар ауданының үмітін үкілеп келген. Оның кәсіби тұрғыда шаңғы тебумен айналысып жүргеніне 11 жыл. Жас спортшы осыған дейін шаңғы тебуден екі мәрте ҚР чемпионы атанған.

Игорь Хмельницкий, жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:
– Бүгін мен Қызылжар ауданы құрамасының атынан қатысып отырмын.
Біздің облыста бәсекелес бола алатын спортшылар өте аз. Бүгінгі жарыс мен үшін ҚР чемпионаты алдындағы жаттығу болмақ.

Жарысқа барлығы 17 жасқа дейінгі 130-ға жуық спортшы қатысты. Олар облыстың 13 ауданынан жиналған.

  Андрей Миронов, жарыстың бас төрешісі:
 – «Ақша қар» чемпионатының бүгін екінші күні өтіп жатыр. Кеше спортшылар коньки әдісімен 5, 10 км жүріп өтті. Ертең эстафета болады.

Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орын Қызылжар ауданының құрамасына бұйырды. Ал Ғ.Мүсірепов ауданының спортшылары екінші орыннан көрінсе, тайыншалықтар үшінші орынды місе тұтты.

Әспет Әбдірешова