Спорт

Жеңіл атлетикадан облыс чемпионаты

 

 

Түрлі қашықтықтарға жүгіру, ядро лақтыру, ұзындыққа секіру. Өңіріміздің үздік деген жеңіл атлеттері спорттың 9 түрінен мықтылықтарын дәлелдеу керек. Анел Әубәкірованың спорт ханшайымының сындарын бағындырып жүргеніне 3 жыл болыпты. Алайда жеңіс тұғырынан көріну әлі бұйырмаған. Кезекті додаға жақсылап сайланып келген Ақжар ауданының желаяғы бұл жолы үздіктер қатарынан көрінуге дәмелі.

 Әнел Әубәкірова, сайыскер, Ақжар ауданы:
-400 және 200 метрлік спринтерлік қысқа қашықтықтардан үздік нәтиже көрсетемін деп белді бекем буып келдім. Нәтиже әзірше жаман емес. Алда әлі екі сын бар.
Онда да қиындықтар туындамай айым оңынан туатынына сенімдімін.  

Айыртаулық құраманың белді мүшесі Валерий Токмачёв та ұзындыққа секіруден әзірге алдына жан салмай келеді.

 Валерий Токмачёв,  сайыскер , Айыртау ауданы:
-Көрсеткішімді жақсартуға жарыстың берері мол. Өзге сайыскерлерге мен қарсылас ретінде қарамаймын. Біз бәсекелесіп бір-біріміздің шеберлігімізді шыңдауға көмектесеміз.  

Жалпы оқушылар арасындағы дәстүрлі жеңілатлетика тартыстары өңіріміздің 8 ауданы мен облыс орталығының құрамасын жиды. 2 күндік жарыстың қорытындысы бойынша үздік атанғандардан облыс құрамасы жасақталатын болады.

 Жеңіс Ермұқанов