Білім

Жас физиктер сайысының жүлдегері

 

 

 

Дәурен Серкешев халықаралық жарыста 100-ге жуық талапты жаспен физика пәнінен бәсекеге түсіп, ел намысын абыроймен қорғады. Теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, сыннан сүрінбей өткен оқушы олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды.

  Дәурен Серкешев, дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей- интернатының оқушысы:
– Бұл олимпиада мен үшін өте маңызды, себебі бұл үлкен жеңіс мен үшін. Болашақта бұл олимпиада маған көмектеседі.

Дәурен осыған дейін де білімімен көзге түсіп үлгерген. 11-сыныптың оқушысы өткен жылы президенттік олимпиадада 2-ші орынға ие болса, республикалық жарыста топ жарған екен. Жасөспірімнің физика саласына тереңірек үңіліп, оған қызығушылық танытуы ерте кезден байқалған.

  Біржан Шаймардан, дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей- интернатының мұғалімі:
-Тталаптыға нұр жауар дейді ғой. Бұл баланың өзінің ынтасы, талабынан. Біз тек қана кітабын, бағытын ғана ұсынамыз балаға. Халықаралық есептерді жан-жақтан сұрастырып, тауып, өзінің тырысқанының нәтижесі ғой.

Қаңтардың 15-і мен 21 аралығында Алматы қаласында өткен білімділер додасы 18 елден келген 343 оқушының басын қосты. Олар математика, физика және информатика пәндері бойынша сынға түсіп, мықтылары анықталды.

 Айдана Демесінова