Құқық қорғау органдары

Қарақшылық

 

Түн жамылып зейнеткердің үйіне бетперде киген адам баса-көктеп кірген. Қарақшы бірден дөрекі мінез танытып, қарияны соққының астына алған. Бірақ  үйден бар болғаны 2 мың теңге тауып, ізін суытқан. Келеңсіз оқиғаны таңертең анасына қонақтап келген баласы біледі. Ол бірден жедел жәрдем шақыртып, қария ауруханаға жеткізілді. 70-ті алқымдаған әйелдің  ауыр соққының салдарынан мұрны мен қолының сүйектері сыныпты. Тәртіп сақшылары анықтағандай, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жапашегушінің ұлымен ажырасқан келінінің қазіргі күйеуі ұсталды. Айыпталушы кінәсін толығымен мойындап отыр. 30 жасар жігіт қолды еткен ақшаны облыс орталығына барып тамақ ішуге жұмсағанын айтады. Бұрындары басы істі болған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып,  уақытша ұстау абақтысына қамалды.

 Жеңіс Ермұқанов