Әр түрлі

Христиан әулиелеріне тағзым етілді

 

 

 

Еліміздің солтүстік өңіріне азап шегуші ұлы княгиня Елисавета  мен инокиня Варвараның сүйектері алғаш рет әкелініп отыр.  Таң атысымен Петр мен Павел апостолдар шіркеуіне жиналғандар аз болмады.  Солтүстікқазақстандық православ дініндегілер бұл күнді ерекше деп санады.

  Наталья Питова:
-Мен әулие Варвара туралы кітаптан көп оқып едім. Оның мүрдесін осында әкеледі дегенді естігенде қатты қуандым. Әулиелердің мүрдесін әкелу – қайырымды іс деп ойлаймын. Өз басым бұған сенемін.

Ұлы княгиня Елисавета Ресейдің соңғы императоры Николай 2-нің әйелі – Александра Федоровнаның туған сіңлісі.   Ресейде тұрмыс құрған лютеран дініндегі әйел  өз жұбайына деген құрметінің  белгісі ретінде біртіндеп православ дінін қабылдаған. 20-шы ғасырдың басында оның жұбайы лаңкестің қолынан қаза табады. Княгиня өз қайғысын  құдай ісі деп қабылдап,  тіпті кейіннен қылмыскерге рақымшылық жасауды сұрайды. Мәскеуде арнайы Марфа-Мария  монастырын ашады, содан бастап инокиня Варвара  ұлы княгиня Елисаветаның сенімді серігіне айналады.

  Мария Липчанская, Петропавл-Булаев епархиясы ресми сайтының әкімшісі:
– Өз өмірін ол 1918 жылы азаппен аяқтайды. Елисавета және инокиня Варвараны дінсіз коммунистер шахтаға тастап, гранатамен жарған. Осылайша  қаза болғаннан  кейін  оның денесі бүлінбегені анықталған. Сол себепті азап шегуші Елисаветаны орыс православ шіркеуі әулиелер қатарына қосқан.

Діндарлар  әулие Елисаветадан ең алдымен, отбасының аман-саулығын тілеу керек деп есептейді.

 протоиерей  Сергий:
– Адамдар мұнда көп келеді. Сыйынып, құлшылық ету арқылы көп сенім артады. Сол себепті адамдардың бұл келісі олардың рухани сенімін одан әрі арттырады деп ойлаймын.

Азап шегуші ұлы княгиня  Елисавета мен инокиня Варвараның мүрделері солтүстік өңірде  қаңтардың  24-не дейін болады.

Әспет Әбдірешова