Спорт

Шаңғы жарысынан облыс чемпионаты

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша ерлер арасында Қызылжар ауданы құрамасының белді мүшесі Александр Захаров топ жарды. Жастар арасында петропавлдық Евгений Гусев жеке дара келді. Жасөспірімдер арасында жерлесінің жеңісін еселеген Игорь Хмельницкийдің де алдын ешкім орай алмады. Қыздар арасында да үш топтағы бас жүлде облыс орталығында қалды. Бұл жолы өз легінде үздік атанып топ жарған Марина Вострикова, Анастасия Кривоногова,  Әсем Назырованың мерейі үстем болды. 28-ші қаңтар күні Риддер қаласында өтетін халықаралық додада есімдері аталған жеңімпаздар өңір намысын қорғайтын болады.