Билік

Облыс әкімі Новоникольск орта мектебіне автокөлік сыйлады

Новоникольск орта мектебі – облысымыздың бетке ұстар білім ошақтарының бірі. Оқу ордасының шәкірттері білім нәрін сусындатып қана қоймай, өңірдегі спорттың дамуына да зор үлес қосуда. Мектеп ұжымымен кездескен өңір басшысы Серік Біләлов жетістіктерді тізбектей келе, балаларға сапалы білім берудің маңыздылығын атап көрсетті. Бұл үшін мемлекет қолдан келгенді жасауда. Облыс әкімінің осы сапар барысында ұжымға «Газель» көлігінің кілтін табыс етуі оған  бір дәлел.  Ақпанның 25 -наурыздың 5-і аралығында Украинада жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтпек. Байрақты додада аталмыш білім ошағының 3 оқушысы спорттық бағдарлаудан өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғамақ. Ал облыс әкімінің тартуы спортшылардың жеңіске деген ынтасын арттырмақ, дейді ауылдықтар

  Геннадий Зенченко, «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің бас директоры:

-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясаттың арқасында мемлекетіміз алға басты. 20 жылдың ішінде елімізді әлем таныды. Болашақта Қазақстанның нық орнауына жастардың қосар үлесі зор. Сондықтан бізге білімді де сенімді, көшті алып кетер мамандарды даярлау керек. Себебі озық технологиялар заманы қазір .

  Сергей Десятов, жаттықтырушы:

-Тарту- таралғыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Алдағы әлем чемпионатында сенімді ақтап, жүлделі орыннан көрінуге тырысамыз.  

Мектеп соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған. Жалпы бүгінгі күні мұнда 150-ге тарта оқушы тәлім алады. Білім беретін мұғалімдердің саны 26. Олардың 23 жоғары санатты. Кейін облыс әкімі қолөнер бұйымдарының шағын көрмесін тамашалады. Мұнда қойылған дүниелердің барлығын оқушылар өздері жасаған екен.
Өңір басшысы Серік Біләлов «Ажар» балабақшасына да ат басын тіреді. 2009 жылы бұл нысан күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілген. Бүгінгі күні бұл жерде 80-ге тарта балдырған мектепке дейінгі тәрбие алуда.

Самат Қайырденұлы