Билік

«Ақбұлақ» бағдарламасы жалғасуда

2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы шалғай елді-мекендерге де су желілерін тартып, өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған. Өткен жылы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін 3,8 млрд теңге қаражат бөлініпті. Оның 400 млн-ға жуығы облыстық бюджеттен қарастырылды.

Ратмир Усманов – СҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары:

Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа 265,8 шақырым су тарату желілері салынып, қалпына келтірілді. М.Жұмабаев ауданында 67 шақырым топтастырылған су тарату желілері жаңартылып, Жамбыл ауданында жалпы ұзындығы 28,8 шақырым ұңғыма су тарату желілері қалпына келтірілді.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде өңіріміздегі 10 елді-мекеннің 14 мыңдай тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылған. Тағы да 5 ауылда су өткізу желілері жетілдіріліпті. Биыл да «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тозығы жеткен су желілерін жөндеп, шалғай аймақтарға тазау ауыз суын тарту жоспарланып отыр.

Ратмир Усманов – СҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары:

Биыл су тарату нысандарын қалпына келтіруге 1,3 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде 1,1 млрд. теңге республикалық, ал 150 млн. облыс қазынасынан қарастырылды. 2012 жылы ұңғыма және ауыстырушы су тарату желілерін қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінбек.

Сондай-ақ 1 елді-мекен жергілікті су тарату желілерімен қамтылады деп жоспарлануда.

Инеш Шоқақова