Қылмыс

Қайсар қыз қаскөйді құқықтауға көмектесті

Таңғы сағат 7 шамасында ауылдағы үйлердің біріне қолдарында суық қарулары бар 3 адам баса-көктеп кіріпті. Тонаушылар үй иесінен ақша талап еткен. Бұл шудан оянған 12 жасар қыз бірден әкесіне қоңырау шалыпты. ІІД баспасөз қызметі телефонды қолды қылып, іздерін суытпақшы болған ұрлықшылардың бірін үй қожайыны қолға түсірді деп хабарлайды. Кейін ол учаскелік инспекторға хабарласқан. Оқиға орнына келген полицейлер тонаушыларды 2 сағаттың ішінде ұстады. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.