Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыста сайлау заңнамаларын өрескел бұзу фактілері тіркелмеген

Бұл топ сайлау заңнамаларының орындалуын қадағалады. Сайлауалды науқанды жүргізу барысында прокуратураға 6 өтініш түсіп, оның 1-і қанағаттандырылыпты.

Қайсар Әбішев – Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтың сақталуын қадағалау басқармасының аға прокуроры:

Мысалы, сайлау күні облыс прокуратурасына №10 орта мектеп директорының міндетін атқарушыдан сайлау мен партияның атына кір келтірген тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы 1 өтініш түсті.

Сайлау науқаны барысында облыстың соттарына ҚР сайлау заңнамаларын бұзу туралы да өтініштер келіп түсіпті.

Қайсар Әбішев – Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтың сақталуын қадағалау басқармасының аға прокуроры:

Сайлау процесін өткізу кезінде облыстың соттарына сайлау заңнамаларын бұзу бойынша 7 арыз түсті. Оның 4-і Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 249-бабының 9-тармағы негізінде қараусыз қалдырылды, 3-уі қаралып, қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылды.

Негізінен өңірімізде маңызды науқан кезінде сайлау заңнамаларын өрескел бұзу фактілері тіркелмеген.

Инеш Шоқақова