Құқық қорғау органдары

Шіркеудің құрылысына жиналған пітір-садақа ұрланды

Алайда, оның полицейлерге хабар берем деген ниетіне мән бермеген жігіттердің бірі ақшасы бар жәшікті көтеріп алып, қаша жөнелген. Шыны қорапқа қала тұрғындары православтық храмның құрылысына 6 мың теңгедей садақа жианаған. Сезіктілерді өзі қуып-жете алмаған соң, 53 жасар дүкен қызметкері полицейлерге хабар берген. Жапа шегушінің берген ақпараты бойынша екі күдікті бір сағаттың ішінде қолға түсті.

 

Сезіктілер қаланың екінші шетіндегі азық-түлік дүкенінің бірінен тамақ пен арақ-шарап алу кезінде құрықталған. Ұсталғандар Шал ақын ауданы Семиполка ауылының бұрын басы істі болған 21 жасар және Ресейдің Читин облысы Усть-Наринзор ауылының 22 жасар тұрғындары болып шықты. Ресей азаматы елімізге ұрлық жасағанға дейін 2 күн бұрын келген. Ұсталғанның айтуына қарағанда, ол Астанадағы туыстарына бармақшы болған. Жол бойында ақшасы таусылған соң, поездан түсуге тура келген. Шетелдік өз сыбайласымен вокзалда танысып, екеуі бірлесіп ұрлық жасамаққа бел буады. Тергеу барысында ұсталғандар жәшікті жарған жерді көрсетіп берді. Қазіргі уақытта екі сезікті де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Факті бойынша “тонау” бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

 

Гульмира Шоқтыбаева СҚО ІІД баспасөз қызметінің көмегімен