Салық басқармасы

СТН мерзімі 2013 жылғы қаңтардың 1-іне дейін ұзартылды

Салықшының тіркеу нөмірі биыл күшін жоймайтын болды. Яғни, 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін аталған құжат барлық тіркеу қағаздарын ресімдеу кезінде қажет болмақ. Ал аталмыш мерзімнен кейін жеке және бизнес сәйкестендіру нөмірлері жоқ азаматтар міндетті зейнетақы салымдары мен ақша аудару, салық декларациясын тапсыру сынды амалдарды жүзеге асыра алмайтын болады.

Жібек Күлікова – СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы

Бұдан басқа салық төлеушілердің тіркеу нысандарында сәйкестендіру нөмірі болмаса, оларды қайта ресімдеу керек. Бұл келесідей тіркеу формалары – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік, электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану, т.б.

Осы тіркеу нысандарында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда салық өтінішімен бірге бірқатар құжаттарды тапсыруға тура келмек.

Жібек Күлікова – СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы

Сәйкестендіру нөмірінің барын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі, сәйкестендіру нөмірінің барын растайтын құжат көшірмесі керек.

Жалпы, 183 000 астам солтүстікқазақстандық әлі сәйкестендіру нөмірін алып үлгермепті. Оның дені – 16 жасқа толмаған жеткіншектер.

Инеш Шоқақова