Спорт

“Дельфинде” спорт шеберлері шыңдалуда

 

 

 

Өңіріміздің спорт саласы жыл өткен сайын жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Су спорты түрлерінен «Дельфин» олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің де осы тұрғыда жеткен жетістіктері аз емес. Александр Труш су спортына 6 жасынан әуес. Әсіресе 2011 жыл ол үшін сәтті аяқталды. Ашық жүзуден Азия чемпионы болған   жеткіншек алдына зор мақсаттар қойып отыр.

 Александр Труш, спорт шебері, «Дельфин» ОРМБЖ мектебінің тәрбиеленушісі:
-Халықаралық деңгейдегі спорт ареналарында еліміздің көк байрағы желбірегенде бойыңды қуаныш сезімі билейді. Алда бізді әлі де талай сындар күтіп тұр. Чемпионтттар мен олимпиадаларға қатысып, кәсіби тұрғыда шыңдала түсу керек.

Бұл күні спорт мектебіне 344 оқушы қатысады. Жаңадан келгендерге жүзуді үйретіп, қыр-сырын меңгертетін жаттықтырушылардың бәрі – кәсіби мамандар. Олар шәкірттерінің болашақтарынан үлкен үміт күтеді.

Наталья Труш, «Дельфин» ОРМБЖМ суда жүзуден аға жаттықтырушысы:
-Біз өзіміздің тәрбиеленушілерімізді мақтан тұтамыз. Спорт саласына қаржы бөліп, балалардың спортпен айналысуына мүмкіндік жасап отырған мемлекетімізге алғысымыз шексіз.

Биыл «Дельфин» балалар-жасөспірімдер мектебінің ашылғанына 40 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында мұнда бірқатар оң өзгерістер бар. Қазір   тек балалар мен жасөспірімдер ғана емес, үлкендердің де осы спорт кешеніне келіп суда жүзу мүмкіндігі бар.

Теміртас Әлжанов, «Дельфин» ОРМБЖ мектебінің директоры:
-Қазір қарасақ, 2000 жылы 160 оқушы болса, қазір 344 оқушы. Солармен 10 жаттықтырушы жұмыс істейді. Соның ішінде 50 пайызы жастар.

15 қаңтар күні барлық қазақстандықтар қатарында «Дельфин» спортмектебінің кәмелет жасына толған тәрбиеленушілері де бір адамдай сайлауға қатысады.

Александр Труш, спорт шебері, «Дельфин» ОРМБЖ мектебінің тәрбиленушісі:
-Мен дауысымды еліміздің спорт саласын көтеруге үлесін қосатын азаматқа беремін. Спортшылардың жарыстарға қатысып, тәжірибесін арттыруға көңіл бөлетін адам қажет.

Әспет Әбдірешова