Қоғам

Әйелдердің қоғамдағы орны

 

 

 

Табысты кәсіпкер, дарынды ұстаз, қамқор ана. Мұның бәрі әйел адамның бойынан табылатын қасиеттер. Отбасының ырыс-берекесін сақтап, өскелең ұрпаққа тәрбие берумен қатар нәзікжандар қай салада болмасын белсенділік танытып, мол жетістіктерге қол жеткізуде. Елдің қоғамдық және саяси өмірінде де әйел адамдардың алатын орны зор.

Жанар Таласпаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Тіл және әдебиет институтының директоры:
– Нәзікжандар елдің саяси өміріне де белсенді араласуда. Депуттаттыққа өз үміткерлігін ұсынған әйел адамдар зор нәтижеге жетеді деп ойлаймын.

Сондай-ақ жиында студенттер гендерлік клубының таныстырылымы өтті. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де құрылған «Жансая» атты қыздар ұйымы нәзікжандардың көкейінде жүрген мәселелерді қозғап, оларға жан-жақты қолдау көрсетеміз деп отыр.

Анель Нұрқанова, «Жансая» қыздар клубының жетекшісі:
– Біздің клубымыз студент қыздардың қоғамдық-саяси өмірге араласуына септеспек. Сондай-ақ ұйым нәзікжандарға психологиялық тұрғыдан да қолдау көрсетеді. Қыздарға арналған шеберлік сыныптарын жиі ұйымдастырамыз.

Отырысқа көпбалалы аналар, кәсіпкерлер, іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері мен студенттер қатысты. Олар бұл жиында сөз болған мәселелер назардан тыс қалмайтынына сенімді.

 Инеш Шоқақова