Қоғам

“Нұр Отан” ХДП өкілдері бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесті

 

 

 

Мустачат Самойлова өмір бойы Петропавл ауыр машина жасау зауытында жұмыс жасапты. Кездесуде еңбек ардагеріне салтанатты түрде партияның билеті табыс етелді. Бұдан кейін сайлаушылар саяси ұйымның тұғырнамасымен танысты.

Николай Черновол, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Біз ең алдымен әрбір сайлаушыны «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасымен таныстырмақпыз. Мұндай кездесулер дәстүрге айналған деуге болады. Жұртшылық та белсенділік танытып отыр.

Бюджеттік сала қызметкерлері «Нұр Отан» ХДП атынан қалалық және облыстық мәслихаттарға депутаттыққа үміткерлердің бағдарламаларымен танысып, өз сауалдарын жолдады.

Ғалия Өмірбекова, № 32 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:
– Мен білім беру саласында қызмет еткендіктен сайланатын партиялардың осы салаға ерекше көңіл бөлгенін қалаймын. Сайлауға барша тұрғындар белсенді қатысуы тиіс деп ойлаймын.

Нұротандықтар мұндай кездесулерді жиі ұйымдастырып, халықтың ұсыныс-тілектерін білу маңызды деп отыр.

 Инеш Шоқақова