Денсаулық фестивалі

Спорт

14:33 9 Қаңтар 2012

Тәуелсіздік саябағында ұйымдастырылған денсаулық фестивалі көтеріңкі көңіл күйде басталды. Бұл күні қысқы спорт түрлерін сүйер қауым үшін әзірленген бағдарлама ауқымды. Яғни, әр қатысушы өз қызығушылығына сай спорт түрін таңдады.

 Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
– Бұл жер қала тұрғындары мен қонақтарының жазбен қатар қыс мезгілінде де уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізуге арналған. Денсаулық фестивалінде түрлі байқаулар мен сайыстар жоспарланған. Сондықтан баршаңыздың көңілдеріңізден шығады деп ойлаймын.

Ашық аспан астында шаңғы теуіп, конькимен сырғанаушылар да аз болмады. Ал күш сынасып, күресемін деушілер үшін арнайы алаң жасалыпты. Бұл жерде ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Аллаберген Қоспақаев та бағын сынап көрді.

Аллаберген Қоспақаев, ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі :
– Мен қазақша күреспен 4 жыл бойы айналысамын. Ал белбеу күресінен 2 рет қатысып отырмын. Жаман емес сияқты.

Сондай-ақ гір көтеруден ұйымдастырылған сайыстың көрермен үшін қызықты болғаны сөзсіз. Бұл спорт түрінде нәзікжандар да белсенділік танытты. 4 жыл бойы гір көтерумен айналысатын Елена Костенко да аталмыш сайысқа қатысуды жөн көріпті.

Елена Костенко, гір көтеру спорты бойынша спорт шеберіне үміткер:
– Барша жұртшылықтың спортқа ден қойып, салауатты өмір салтын ұстануы үшін мұндай фестивальдің ұйымдастырылуы маңызды.
Мен гір көтеру спорты бойынша Қазақстанның 3 дүркін чемпионымын. Осындай шараларға әрдайым қуана қатысамын.

Денсаулық фестиваліне топтасып жарысуға арналған спорт түрлері де кіргізіліпті. Арқан тартысуға кез келген тұрғын қатыса алды. Жұртшылық бұл сайысты зор қызығушылықпен тамашалады.

Маған әсіресе, арқан тартысуды тамашалаған ұнады. Жалпы барлық бағдарлама қызықты болды.
Мен күреске төрешілік етіп отырмын. Жастар көптеп жиналды.
Маған фестиваль өте ұнады. Жиі ұйымдастырылса екен.

 Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
– Бұл жер қала тұрғындары мен қонақтарының жазбен қатар қыс мезгілінде де уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізуге арналған. Денсаулық фестивалінде түрлі байқаулар мен сайыстар жоспарланған. Сондықтан баршаңыздың көңілдеріңізден шығады деп ойлаймын.

Ашық аспан астында шаңғы теуіп, конькимен сырғанаушылар да аз болмады. Ал күш сынасып, күресемін деушілер үшін арнайы алаң жасалыпты. Бұл жерде ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Аллаберген Қоспақаев та бағын сынап көрді.

Аллаберген Қоспақаев, ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі :
– Мен қазақша күреспен 4 жыл бойы айналысамын. Ал белбеу күресінен 2 рет қатысып отырмын. Жаман емес сияқты.

Сондай-ақ гір көтеруден ұйымдастырылған сайыстың көрермен үшін қызықты болғаны сөзсіз. Бұл спорт түрінде нәзікжандар да белсенділік танытты. 4 жыл бойы гір көтерумен айналысатын Елена Костенко да аталмыш сайысқа қатысуды жөн көріпті.

Елена Костенко, гір көтеру спорты бойынша спорт шеберіне үміткер:
– Барша жұртшылықтың спортқа ден қойып, салауатты өмір салтын ұстануы үшін мұндай фестивальдің ұйымдастырылуы маңызды.


Инеш Шоқақова

Бұдан әрі оқыңыз

Палуандар жеке жаттығу базасына ие болды
Көркем гимнастшылар сынға түсті
Киокушинкай каратеден қала әкімінің кубогі өтті
“Құлагер” ХК “Ақтөбе” құрамасынан минималдық есепте басым түсті
“Құлагер” ХК “Бейбарыс” командасымен қос кездесу өткізді
Тартысты матч тең аяқталды
Жерлес футболшылар чемпион атанды
Хоккейшілеріміз қарымта кездесуде басым түсті
Аға буын өкілдері мен мектеп оқушылары шахмат ойнады
“Qyzyljar” ФК “Академия Оңтүстік” командасын жеңді
Өңірде жекпе-жектен облыстық турнир өтті
«Qulager» хоккейшілері «Ertis» құрамасын тізе бүктірді