Қоғам

Ассамблеяның басты міндеті – ұлтаралық келісім

 

 

Сайлау туралы заңға сәйкес  Ассамблея Кеңесі 9 кандидат ұсынған болатын. Облыс орталығында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында жерлестеріміз осы үміткерлерге сауалдарын жолдап, болашаққа өз ұсыныстарын білдірді. Еліміздің басты байлығы – халықтар бірлігінде. Сондықтан үміткерлер осы құндылығымызды сақтау Ассамблея кеңесі мүшелерінің басты мақсаты екендігін алға тартты.

Жұматай Әлиев,  «Тұрақты Қазақстан» қорының басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі:
– Біз өзіміздің ұлтаралық татулығымызды, берекемізді Көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Бұл біріншіден қазақ халқымызға керек, елге керек, жұртқа керек. Басқа да ұлттармен ұлыстарға керек. Сондықтан біз осы алған бағытымыздан ешқашан таймауымыз керек.   

Айдана Демесінова