Қоғам

“Нұр Отан” ХДП қалалық штабының үгіт тобы сайлаушылармен кездесті

 

 

Бұл жолы «Нұр Отан» ХДП қалалық штабының өкілдері вокзал маңы мен Жұмысшы кентінің тұрғындарымен кездесті. Партия атынан мәслихаттарға депутаттыққа үміткерлердің бағдарламалары талқыланып, сайлауалды тұғырнаманың басым бағыттары сөз болды.

Валерий Маслов, «Одақ» ҚБ төрағасы:
– Мұндай кездесулердің өткізілуі өте маңызды. Өйткені жұртшылық “Нұр Отан” ХДП сайлауалды тұғырнамасымен жіті танысуы керек. Сондай жиында азаматтардың сауалдары мен ұсыныстары да қарастырылмақ.

Жиынға келген тұрғындарды негізінен зейнетақы, халықты әлеуметтік қорғау және тұрмыс сапасын жақсарту бағытында партияның алға қойған мақсаттары қызықтырды. Сондай-ақ олар өз ұсыныстары мен тілектерін білдіру мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан сайлаушылар мұндай кездесулердің өткізілуі маңызды дейді.

Жібек Аяжанова, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің мұғалімі:
– Ұстаздарға , бюджеттік сала қызметкерлеріне және жастарға қолдау көрсететін партияға дауыс береміз.Маңызды науқан кезінде әрқайсымыздың дауысымыз маңызды деп ойлаймын.  

«Нұр Отан» ХДП атынан қалалық және облыстық мәслихаттарға барлығы 31 үміткер ұсынылыпты.

 Инеш Шоқақова