Әр түрлі

Қаңтардағы ауа райы

 

 

 

Қаңтар – қыстың екінші айы. Негізінен қаңтарда күн ұзарып, қыс мезгіліне тән бұрқасындар мен борандар жиілейді. Ауа райын болжау орталығы мамандарының айтуы бойынша, бұл айда  орташа температура – 14-18 градус шамасында болады.

  Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорология орталығының ауа райын болжау бөлімінің бастығы:
– Бірінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 15-26-ден  10-20 градус  аязға, күндіз 10-18 –ден  5-18 градусқа дейін құбылады.

Ал екінші онкүндікте сақылдаған сары аяздар болуы ықтимал. Онкүндіктің соңында кей жерлерде сынап бағанасы күндіз -27, түнде 39 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ айдың екінші және үшінші онкүндіктерінің басында кей жерлерде   бұрқасынмен қатар батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге  дейін күшейеді деп күтілуде.

  Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорология орталығы ауа райын болжау бөлімінің бастығы:
– Үшінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 18-23, кей жерлерде 28 аяз, күндіз 7-12, кей жерлерде 17 градусқа дейін аяз бірте-бірте жоғарылайды.

Өткен жылмен салыстырғанда биылғы қыс әлдеқайда жылы дейді мамандар. Тарих беттерін парақтасақ,  1948 жылдың қаңтары жайма-шуақ  болыпты. Онда сынап бағанасы 4 градусқа дейін көтерілген. Ал 1940 жылдың 13 қаңтарында аяз – 44 градусқа дейін жетіпті.

Әспет Әбдірешова