Қоғам

Сайлау туралы сұрақтарға анықтама қызметі жауап береді

 

 

 

 
Азаматтарды сайлау тізіміне енгізу жөніндегі анықтамалық қызмет орталығына күніне осындай 500-ге жуық қоңырау түседі. Олардың әрқайсысына қызметкерлердің жауабы дайын. Тұрғындардың қандай сайлау учаскесінде дауыс беретіндігі сайлаушылардың электрондық базасына азаматтың аты-жөнін енгізу арқылы анықталады.

Рашида Тілеубаева, қала әкімі аппаратының бас маманы:
– Сауалдар жеке азаматтармен қатар ұйымдардан да келіп түседі. Сағат 9-дан 19:00-ге дейін 3 телефон бойынша қоңырау қабылдаймыз. Күн сайын бұл қоңыраулардың мониторингі жүргізіледі. Кейін кейбір  сауалдарды тиісті мекемелерге жолдаймыз.

Ал ең жиі жолданатын сауалдар – азаматтардың қала сыртына шыққан және іссапарға аттанған кезде қандай сайлау учаскесінде дауыс беретіндігіне байланысты. Орталық қызметкерлері қалалық сайлау комиссиясы мен сайлау учаскелеріне хабарласу арқылы бұл сауалдарға жедел түрде жауап беруге әзір. Қоңыраулар 46 84 35, 46 86 25 және 36 52 35 нөмірлері бойынша қабылдануда.

 Инеш Шоқақова